Ақмола облысы,
Аршалы ауданы Жібек жолы ауылы,
«Бөбек» бөбекжайы МКҚК
Тәрбиешісі: Каржаубаева Сериккайша Коксегеновна
Ашық оқу қызметі
Тақырыбы: «Ертегілер елінде»
Ортаңғы «Күншуақ» тобы
Білім беру саласы: «Коммуникация».
Бөлімі: Көркем әдебиет.
Тақырыбы: «Ертегілер елінде».
Мақсаты: Балаларға ертегілер әлеміне еніп, жақсы көңіл күй сыйлау. Оларға қызықты тапсырмалар орындата отырып, тақпақтар, жұмбақтар, ертегілер арқылы тілін дамыту. Диалогты сөйлеу мәдениетін әрі қарай дамыту. Логикалық ойлауын жетілдіріп, адамгершілік тәрбиесіне баулу.
Оқу қызметінің барысы:
Шаттық шеңбері:
Үлкен шеңбер құрайық,
Алақанды ұрайық.
Күлімдесін күн де,
Күлімдейік біз де.
Алақанды ашайық,
Күннің нұрын салайық,
Таза ауаны салайық,
Жүрек жылуын салайық,
Енді бәрін қонақтарға сыйлайық.
Жұмбақ:
Аяз қысып, өрнек сызып,
Терезені торлайды.
Қарға омбығып, бет домбығып,
Сырғанап балалар ойнайды.
Айтыңдаршы бөбектерім,
Бұл қай мезгілде болады?
Балалар: Қыс мезгілінде.
Сұрақ-жауап:
Тәрбиеші: Дұрыс, балалар. Ал қазір қандай жыл мезгілі?
Балалар: Қазір қыс мезгілі.
Тәрбиеші: Қыс мезгілінің ерекшеліктерін айтып беріңдерші.
Балалар: Қыста күн салқын болады, аяз болады, қар жауады, боран болады жәнет.б.
Тәрбиеші: Қыс мезгілінде неше ай бар?
Балалар: Қыс мезгілінде үш ай бар. Желтоқсан, қаңтар, ақпан.
Тәрбиеші: Қазір қандай ай?
Балалар: Қазір қаңтар айы.
Тәрбиеші: Қыс мезгілі туралы тақпақ білесіңдер ме?
Тақпақ:
Қыс айлары көңілді,
Ақ қар жапты өңірді.
Үйренеміз жалықпай,
Коньки, шаңғы тебуді.
(Балалар бірге айтады)
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, өте ақылды екенсіңдер.
Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы бізге біреу хат әкелген. Кәне, ашып оқиық. Кімнен екен?
Хатты ашып оқиды: Сәлеметсізбе! Мен Машамын. Мен туралы ертегілерден естіген боларсыңдар. Мен, қысқы орманға серуендеп барғанмын. Ал мені Қыс ханшайымы ұстап, өзінің қарлы үйіне қамап қойды. Мұнда өте салқын.Үйіме барғым келеді. Атам мен әжемді сағындым. Мені құтқарыңдаршы!!!
Тәрбиеші: Машаны құтқарамыз ба? Қысқы орманға барамыз ба? Ертегілер әлеміне енеміз бе?
Балалар: Иә!!!
Тәрбиеші: Ендеше, бәріміз сыйқырдың күшімен қысқы орманға барамыз. Кәне, кеттік!
(«Ертегілер» әні қосылып, безендірілген қысқы орман алаңқайындағы орындықтарға барып отырады)
Тәрбиеші: Балалар, міне біз де қысқы орманға келіп қалдық. Қысқы орман әдемі ме?
Балалар: Иә! Орманда қыстың күні ауа өте таза болады. Келіңдер осы таза ауамен терең тыныс алайық.
(Осы кезде Қыс ханшайымы алаңқайға келеді)
Қыс ханшайымы (ашулы дауыспен айтады): Кім? Кім менің қарлы патшалығыма келген?
Тәрбиеші: Балалар, кәне, Қыс ханшайымымен амандасайық.
Балалар: Сәлеметсізбе!
Қыс ханшайымы: Амансыңдар ма! Менің патшалығыма қайдан келдіңдер?
Тәрбиеші: Қыс ханшайымы, біз Машаныі здеп жүрміз.
Қыс Хааншаймы: -Ха хаха! Жалғыз өзі орманда серуендеп жүр екен. Мен оны үйіме кілтеп қойдым. Енді ол менің үйімді жинап, маған қардан дәмді тағамдар пісіреді.
Тәрбиеші: Балалар, орманда немесе көшеде жалғыз серуендеп немесе ойнап жүруге бола ма?
Балалар: Жоқ.
Тәрбиеші: Қыс ханшайымы, Машаны кешірші, оны жіберші, ол кішкентай қыз ғой. Атасы мен әжесі жылап жатқан болар.
Қыс ханшаймы: Ммм, егер сендер менің тапсырмаларымды орындай алсаңдар, жіберемін.
Тәрбиеші: Балалар, тапсырмаларды орындаймыз ба?
Балалар: Иә!
Бірінші тапсырма: Жұмбақтар жасыру.
Суда мұз бар,
Жерде қар бар.
Боран боп соғады,
Бұл қай мезгілде болады? (Қыс)
Жалт-жұлт етеді,
Ұстасаң еріп кетеді. (Қар)
Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тонады. (Қар)
Екінші тапсырма.
Қыс ханшайымы: Ендеше келесі екінші тапсырма «Шалқан» ертегісін сомдау.
Тәрбиеші: Балалар, «Шалқан» ертегісін үстел үсті театры арқылы сомдаймыз. Кәне, еріктеріңмен айтындар, қай кейіпкерді сомдайсыз. (автор, ата, әже, немереқыз, күшік, мысық, тышқан)
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Ертегіні өте жақсы сомдадыңдар.
Балалар, шаршаған боларсыңдар, қазір серігіп алайық. Орнымыздан тұрайық.
Сергітусәті:
Боран соғады оң жақтан,
Боран соғады сол жақтан.
Қар лақтырып ойнасақ,
Су өтеді қолғаптан.
Қыс Ханшайымы: Жарайсыңдар, ал сендер ертегілерді білесіңдер ме?
Балалар: Иә!
Қыс ханшайымы: Жарайсыңдар! Ертегілерді жақсы біледі екенсіңдер, рахмет!
Тәрбиеші: Үшінші тапсырма жұмбақты шешкенде белгілі болады:
Қашып кеткен атадан,
Қашып кеткен әжеден.
Орманда кеше жүреді,
Домалап шықты алдымнан. (Бауырсақ)
Тәрбиеші: Енді төртінші тапсырмаға назар аударайық. Жеке жұмыс.
Төртіншіші тапсырма: «Лақтарға дұрысжол тап» («Жеті лақ» ертегісі бойынша).
Шарты: Лақтарды анасына апаратын жолдың үстінен сызып бастыр. Егер жолдан қателессең, лақтар қасқырға барып, қасқыр лақтарды жеп қояды.
(Балалар үстел жанына барып сызады.)
Қыс ханшайымы: Жарайсыңдар, қандай ақылды балаларсыңдар. Тапсырманың бәрін жақсы орындадыңдар. Ендеше мен Машаны жіберейін.
Маша: Рахмет, сендерге балалар! Сендер көмектеспегенде не істер едім. Тонып, қамауда жүрер едім. Қыс ханшайымы, сізге де рахмет. Мен енді үйімнің қасынан ешқайда кетпеймін. Балалар, сендер де орманға, көшеге жалғыз ойнап бармандар, жарай ма!?
Менің сендерге сыйлығым бар, мен апайға берейін, кейін сендерге береді. Мен атам мен әжемді сағындым, үйіме қайтайын. Сау болыңдар!
Тәрбиеші: Біздің қайтатын уақытымыз болды. Қыс ханшайымы, балаларға енді ұрынба, сау бол!
Балалар: Сау болыңыз, қыс ханшайымы!
Тәрбиеші: Балалар, сыйқырмен балабақшаға қайтайық.
Қорытынды:
Біз қайда бардық?
Кімге көмектестік?
Қандай тапсырмалар орындадық?
Сендерге оқу қызметі ұнады ма?