Бөбек балабақшасы
ясли-сад "Бөбек"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ұйымдастырылған оқу қызметі: «Қоршаған ортамен танысу». Тақырыбы: «Құстар-біздің досымыз!».

Ақмола облысы,

Аршалы ауданы Жібек жолы ауылы,

«Бөбек» бөбекжайы  МКҚК

                  Тәрбиешісі: Терекбаева Гүлзат Сакенқызы

 

                                                                                      

 

 

 

 

 

         

Ұйымдастырылған оқу қызметі:

«Қоршаған ортамен  танысу».

Тақырыбы: «Құстар-біздің досымыз!».

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                  

Тақырыбы:   Құстар  -  біздің  досымыз .

 

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қоршаған ортамен танысу».

 

Тақырыбы: «Құстар-біздің досымыз!».

 

Мақсаты: Құстар туралы білімдерін кеңейту. Олардың тіршілігін, ортақ қасиеттерін, айырмашылығын ажыратуға үйрету. Балалардың сөздік қорын, ой-өрісін, дамыту. Сұраққа толық жауап беруге, байланыстырып сөйлеуге үйрету. Құстарға қамқор бола білуге, қорғауға, табиғатты сүюге тәрбиелеу.

 

Қажетті құрал-жабдықтар: Дала, үй құстары, ұя, үнтаспа, Ағаш, ұя және шарбақ суреті бейнеленген ватман қағаздары, құстардың жеке суреттері, желім.

Әдіс-тәсіл: Көрсету, түсіндіру, әнгімелесу, жұмбақ жасыру, сұрақ-жауап арқылы әңгіме жүргізу, тыйым сөздер.

 

Дидактикалық ойындар: «Құстарды ажырат», «Дауысын ажырат».

Сөздік жұмыс: Дала құстары, жыл құстары, үй құстары.

Билингвальді команент: Дала құстары-дикие птицы, жыл құстары-перелётные птицы, үй құстары-домашние птицы.

 

1Шаттық шеңбері.

Қуанамын менде,

Қуанасың сенде.

Қуанайық бәріміз,

Арайлап атқан күнге.

Қуанайық бәріміз,

Дос болайық бәріміз,

Ажырамай күлкіміз,

Тамаша өтсін күніміз.

Шеңберге тұрып, тәрбиеші апайларлармен амандасу.

 

Бәрі бірге: Сәлеметсіздер ме апайлар!

 

Жыл мезгілдеріне тоқталу:

Жұмбақ:

Жиып теріп болатын,

Қамбаға астық толатын,

Қызыл қырман ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың?

-Ал қазір қай мезгіл?

-Күз мезгілі.

 

-Күз мезгілінің айларын атаңдаршы?

-Үш ай.

-Қыркүйек, қазан, қараша.

-Ал күз мезгілінде табиғатта қандай өзгешеліктер болады?

-Күн суытады, күн қысқара-ды, түн ұзарады, адамдар жылы киінеді, ағаштың жапырақтары сарғаяды, қурайды, жерге түседі. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді, жеміс-көкөністер піседі, жаңбыр жиі жауады, күннің қызуы азаяды.

Төрт мезгіл бар.

-Қыс, жаз, көктем, күз.

Суреттер арқылы түсіндіру.

 

Жұмбақ жасыру:

 

Көзім бар көремін,

Тұмсығым бар шоқимын.

Аяғым бар жүремін,

Қанатым бар ұшамын.

 

 

-Балалар, бүгін біз құстар туралы әңгімелесіп, жақын танысамыз.

Құстар екіге бөлінеді: «Дала және үй құстары».

 

-Балалар, мына ролик арқылы құстармен танысып алайық.  

 

-Суретте  қандай құстар  бейнеленген?

-Торғай, қарға,қарлығаш-осылардың  бәрін  бір  сөзбен  құстар  деп  атаймыз.

-Дала құстары-қарға, сауысқан, торғай, көгершін, т. б. Дала құстары өз азықтарын өздері тауып жейді. Олардың қанаты бар аспанда ұшып жүреді. Құстар-бау-бақша, ағаштардың зиянкестерін жойып, адамға көп көмегін тигізеді.

-Ал үй құстары: тауық, әтеш, қаз, үйрек, күркетауық, олар адамдардың көмегімен азықтанады. Оларға адамдар қамқорлық жасайды. Арнайы қора салады, уақытымен жем суларын береді.

Олар табиғаттың байлығы, өсімдіктерді жәндіктерден құтқарады.

-Үй құстарының және дала құстарының ортақ қасиеттер бар:

1. Ұшады, қанаттары, мамықтары, қауырсын, тұмсықтары болады. Тұмсықтары әр түрлі болады. Ұзын және қысқа, ұшқыр-жалпақ болады. Жұмыртқалайды, балапан басады.

-Құстар пайдалы дедік, олардың мамығын, жұмыртқасын адамдар пайдаланады.

 

 

Балалар  орманға саяхатқа барайық.

Жолға шығамыз.

Балалар сап түзеп жүреді.

Біз келеміз адымдап,

1,2,3,4

Қолды жоғары көтеріп,

Биіктерге жетеміз,

Үп-үлкен боп өсеміз,

Топ-топ етіп басамыз.

Алдымыздан қолында жұмыртқа бар әже шығады.

-Балалармен амандасады.

Үй құстары жәйлы түсінік береді.

Балалар біз үй құстары жайлы тақпақ білеміз бе?

Қәне кім айтады?

Жұлдыз:

Қос қанатын иіп ап,

Жарға келіп қонады,

Қара киім киіп ап,

Балшықтан үй соғады.

Саян:

Бұл балапан қандай мықты,

Жұмыртқаны жарып шықты.

Шыға салып ерінбеді.

Жемін өзі теріп жеді.

 

Әрі қарай жолға шығамыз.

Орманға келеміз,алдымыздан үйшік шығып ішінен үкі үн қатады.

Амандасып,хал сұрасамыз.

Үкі: Кімнің дауысы,сендер кімсіңдер?

Тәрбиеші: Біз балалармен орманға саяхаттап келдік.Ал сіз кімсіз?

Үйшіктен үкі шығады.

Үкі:Амансыңдар ма балалар, мен Үкімін.Орманды мекендеймін,күндіз көзім көрмейді,сондықтан азығымды түнде аулаймын. Сендер орманға саяхаттап келдіңдер ме? Сол кезде құстардың дыбысы шығады.Балалар сендер құстар туралы білесіңдер ме?Қандай құстар?Құстар туралы тақпақ айтыңдаршы.

 

Мөлдір:

Үйге кірші торғайым

Мен аяздан қорғайын.

 Жем шашамын, жегейсің         

 Үйшік жасап берейін.

 

Ибрагим:

 Нан қоқымын шашпаңдар,

 Жерде жатса баспаңдар,

 Теріп алып, қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар. 

 

 Бағым:

Құс ұясын бұзбаңдар,

Балапанын алмаңдар,

Құстар біздің досымыз,

Обалына қалмаңдар.

 

Балнұр:

Таспен атып ұяны,

Ұя бұзған оңбайды.

Құс өкпелеп кетеді,

Бақшамызға қонбайды.

 

Асылым:

Ала қанат сауысқан,

Жерді шоқып тауысқан.

 

Аяла:

Қос қанатын иіп ап

Жарға келіп қонады

Қара киім киіп ап,

Балшықтан үй соғады.

 

Үкі: Жарайсыңдар балалар,балалар бұл қай құстың дауысы екен?

 

       «Дауысын ажырат» дидактикалық ойыны.

 

Ғажайып сәт. Көгершін дауысы

Төбеден көгершін құс ұшып өтеді,балалар қараңдаршы бұл көгершін,

Көгершін бейбітшілік құсы, ол жер бетіне тыныштық пен береке әкеледі,қараңдаршы аяғында хаты бар екен.Хат тасушы деген аты да бар.

 

4.Сергіту   сәті.

 "Ұшты-ұшты" ойыны  Балалар  қызыға  ойнайды

Ұшады - ұшпайды" 

  • Енді көңілді ойын ойнайық, мұнда мен сендерге бір сөзді айтып доптылақтырамын. Ал сендер тездетіп допты кері лақтырып ол заттың ұшатынын не ұшпайтынын айтуларың керек.
  • бұлт
  • алма
  • ұзақ
  • қарға
  • макарон
  • тікұшақ
  • ұшақ
  • көбелек
  • кесе
  • көгершін
  • ешкі
  • қараторғай

 

Үкі: Қандай ақылдысыңдар,жарайсыңдар.

Торғай дауысы

Ағашта торғай отырады,дауысы,балалар таңғалып қарайды.

Үкі: Бұл торғай,адамдарға жақын жүргенді ұнатады,ол мейірімді,тапқыр құс.Торғай жылы жаққа кетпейді,ол тұрақты мекенін тастамайды.Өсімдік,жидек,жәндіктермен қоректенеді.

Қарға дауысы

Төбеде қарғалар жүреді, қара немесе сұры қауырсынды,тамақ таңдамайды,еті арам құс.Қар астында қатып қалған тамақтарды өткір тырнағымен шоқып жейді.

Қазыр орманда тек суыққа төзімді құстар ғана қалды,қалған құстар жылы жаққа ұшып кетті,оларды келгесін таныстырамын.

Тәрбиеші: Ал балалар біздің тобымызға кететін уақытымыз болды,біздің қыздар құстар туралы би билегісі келіп тұр.

Балалар сап түзеп жүреді.

Біз келеміз адымдап,

1,2,3,4

Қолды жоғары көтеріп,

Биіктерге жетеміз,

Үп-үлкен боп өсеміз,

Топ-топ етіп басамыз.

Топқа келеміз, құстарға ұя жасаймыз.

Бүгінгі  оқу  іс-әрекеті  осымен  аяқталды , барлықтарың оқу  іс-әрекетіне  өте  жақсы  қатыстыңдар

Рахмет.!

Күтілетін  нәтиже;

Құстардың  пайдасы  туралы  мағлұматтарды  игереді;

Құстарға   қамқорлық  жасау , пайдалы  еңбек  іс-әрекеті  дағдыларын   меңгереді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 10.02.2023 00:22
Құрылған күні: 10.02.2023 00:22

Текст