Ақмола облысы,
Аршалы ауданы Жібек жолы ауылы,
«Бөбек» бөбекжайы МКҚК
Тәрбиешісі: Ордабаева Толганай Жумабаевна
Ашық оқу қызметі
Тақырыбы: «Геометрялық пішіндер».
«Бүтін және бөлшектер»
Мектепалды даярлық «Гауһартас» тобы
Білім беру саласы: «Таным», «Шығармашылық».
Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру. Аппликация
Тақырыбы: «Геометрялық пішіндер». «Бүтін және бөлшектер».
Мақсаты: Заттарды бірнеше бірдей бөлшектерге бөлу, бүтін және бөлшектерді салыстыру, жаңа бөлімді түсіндіру, алған білімдерін өмірде қолдана алуға бейімдеу.
Адамгершілікке баулу, тәуелсіз жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін тәрбие жүйесін құру және дамыту.
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын.
ҰОҚ барысы:
Қане, балалар келген қонақтармен амандасып алайық:
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің ісі ғой
Ал қанекей бәріміз
Сәлем дейік үлкенге
Қайырлы күн қонақтар!
Қайырлы күн апайлаар!
Балалар, бүгін бізде ерекше күн. Өздерің байқағандай қонақтар көп. Көңіл күйіміз жақсы болсын деп бәріміз көңілді жүрейік. Бәріміз бірге шаттық шеіберін жасайық
Көңілді күн бүгін
Қарайды маған
(Бір-біріне күлімдеп қарайды)
Алақан жылуын береді
(Бір-бірінің қолын ұстайды)
Жүректен жүрекке қуаныш
Сыйлайды маған!
Тәрбиеші: Балалар, достарыңа әрқашан көмек беруге дайынсыңдар ма? Олай болса бізден көмек сұрап алыстан хат келіпті. Ол үшін мен сендерге сұрақ қояйын. Сендер көмектесуге дайынсыңдар ма, әлде дайын емессіңдер ме?
Балалар: Дайынбыз.
Тәрбиеші: Қыстың неше айы бар? Атап беріңдерші.
Балалар: 3 ай. Желтоқсан, қаңтар, ақпан.
Қане, балалар орнымызға отырайық.
Балалар, бүгін алыстан ормандағы қоянның туған күні екен. Ол сендерге хат жолдапты. Ол туған күніне ормандағы достарын қонаққа шақырып қойған екен. Алайда үлгере алмай жүргенін айтып сендерден көмек сұрап жазыпты. Көмектесесіңдер ме?
Балалар: Ия!
Олай болса балалар қоян асығып жүріп қонақтарға жаятын тәрелкелерін сындырып алыпты. Соны тез-тез құрастырып беретін көмекші керек дейді. Тақтаға шығып тәрелкелерді құрастырып іледі.
Тәрбиеші: Міне, қоянға көмектестік. Қараңдар балалар тәрелкелер 2 бөлікке, 3 бөлікке, 4 бөлікке бөлініп қалыпты және 1 тәрелке бүтін қалыпты. Олай болса балалар біз қоянға көмектесу арқылы бүтін және бөлшек туралы айтамыз.
Маған қараңдаршы балалар, алдымызда ұзын лента жатыр. Түсі қандай екен?
Енді осы лентаны тең бөлікке бөлу үшін бір-бірімен беттестіреміз. Ұштарын бір-біріне теңестірейік, ұшын қаттырақ бүктейміз. 2 бөлік болды.
Яғни балалар бүтін лентамыз 4 бөлікке бөлінсе тең бірдей бөлінген бөлшектерді «ширек» бөлшектер дейміз.
Мысал келтіру, бүтін бөлшекке.
Енді сендермен мынадай ойын ойнайық.Жемістердің жарты бөлігін тауып, қыстырғыштармен қыстыру.
Ал, балалалар, қонақтарда келіп алыпты. Оларды орындарына отырғызайық. Ол үшін осы аңдардың артында өз орындарының саны бар екен. Балаларды біртіндеп шақырып цифырына сай теңестіріп өз орнына орналастырады. Қане балалар шаршаған шығарсыңдар бір сергіп алайық.
Сергіту сәті:
Қане қане тұрайық,
Шынығайық, ойнайық
Қоян болып секіріп,
Аю болып қорбаңдап,
Түлкі болып қимылдап,
Қасқыр болып ырылдап,
Бойды жазып шынығып
Орнымызды табайық.
Бізден қоян тағыда көмек сұрапты. Келген қонағы нешеу?
Дұрыс балалалар, аңдар 6, тәрелке 6. Ал, үстелге қойылған бәліш нешеу?
Балалар қоян сендерге алма беріп жіберген екен, алайда олда сендерге толық жетпейді екен. Бүгін топта неше бола?
Қане балалар енді туған күн иесіне бізде сыйлық ретінде бүгінгі өткен тақырыбымызбен бүтін және бөлшек пішіндерден жіптің бойына тізіп жапсырып моншақ жасап берейік. Берілген үлгі бойынша реттікті сақтай отырып жасап шығайық. Балалар жұмысын бақылап шығайық.
Қорытынды:
Сұрақ-жауап арқылы қорытындылау.
Жарайсыңдар балалар, бүгін өздеріңнің қандай дарынды әрі қабілетті бала екендеріңді қөрсеттіңдер. Қоянға көмектесу арқылы адамгершілік таныттыңдар.