Бөбек балабақшасы
ясли-сад "Бөбек"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Орманға саяхат» тақырыбында оқу қызметі

05.02.2020

Ақмола облысы Аршалы ауданы

Жібек жолы ауылы

МКҚК «Бобек» балабақшасы

                              Тәрбиеші: Ордабаева Толғанай Жумабаевна

 

«Орманға саяхат»

 

Білім беру саласы: Денсаулық, таным.

Тақырыбы: «Орманға саяхат»

Мақсаты:

а) Іс-әрекет қабілеттілігін арттыру.

 ә)Қимылды ойындарға

  б) Ойнау, ойлау қабілеттерін дамыту.

Тұлғаның үйлесімді дамуын қалыптастыру.

Қолданылатын көрнекі құралдар: саңырауқұлақ, кеглдер, үнтаспа.

Билингвальді компонент: Қоян-заяц;аю-медведь,орман-лес, кірпі-ёжик.

Мотивациялық қозғаушылық:

1.Бір тізбекке тұру.

2.Шаттық шеңбері.

Сәлемдесу:

Бала, бала, балақан.

Қане қайсы алақан.

Саусақтарың әйбат.

Былай-былай ойнап.

Нұсқауларды орындау:

1.Бір тізбекпен жүру

Орнымызда тұрайық.

Алақанды соғайық.

Жүгіріп келе жатып, орындарында тұрып, қолдарын шапалақтау.

2.Қолды белге қояйық.

Бір сызықпен жүрейік.

Қолды белге қойып, бір қатармен жүреді.

3.Күндей болып күлейік.

Көңілді жүгірейік.

(Бір қатармен жүгіру).

Бір тізбекпен орындарына тұру.

Музыка ойнап,  Қоян кіреді.

Қоян: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен адасып кеттім.Сендерден көмек сұрайын деп келдім.

Мені үйіме жеткізіп тастауға көмектесесіңдер ме?

Тәрбиеші: Уайымдама, Қоянжан, әрине көмектесеміз.

-Солай ма,?

Балалар: Иә, әрине.

Тәрбиеші: Қоянжан көңіліңді түсірме,  кел, көңіліңді көтеріп ойын ойнап жіберейік.

Тәрбиеші: Балалар, Қоян қалай секіреді?

Балалар көрсетеді.

Қоян: Ойынды жақсы көремін, ойнасақ ойнайық.

Балалар шеңбер жасап тұрады, қоян ортада).

Тәрбиеші:     Қоян 2 тұршы.

                       Бетіңді жушы

                       Айнаға қарашы

                      Шашыңды тарашы

                      Ал енді бізді қушы.

Балалар жан –жаққа қашып жүгіреді, қоян қуалайды.

Қоян: Уһ, шаршадым жүйрік екенсіңдер.

Тәрбиеші:Қоянжан шаршап қалды, оны тезірек үйіне жеткізіп  салайық.

Тәрбиеші: Балалар қоян қайда тұрады?

Балалар: Орманда.

Тәрбиеші: Иә, дұрыс айтасыңдар, орманға бару үшін пойызға мінейік.

Балалар  бір тізбекке тұрғызып, бірінің соңынан бірін жүреді. Музыка ырғағымен.

1)Қолды жоғары көтеріп, аяқ ұшымен жүру.

2) 2 қатармен қол ұстасып жүру

3)Сарбаздар сияқты жүру

4)Ирек жолмен жүру

5)Жүгіру ( ақырындап, жылдамырақ)

6)Ақырындап жүру.

7)Пойыз з дыбысы  сияқты қане, мұрынымызбен тыныс аламыз.

Тәрбиеші: Қараңдаршы: қандай әдемі (орманның дыбысы)

-Қане бәріміз шеңбер жасап , жерге жатайықшы.

Жерге жатып, қолды созып, кең тыныс алу, аяқты көтеріп түсір.)

(Есік сыртынан аюдың дыбысы естіледі)

Аю:Қоянжан – ау, (аю кіреді)

Аю: Қоянжан таптым- ау сені, қайда жүрсің? Сені іздемеген жерім жок.

Тиіннің туған күніне бармаушы ма едік? Сыйлыққа әлі, саңырауқұлақ  теріп үлгермедік !

Қоян:Алаңдама,  аю. Міне, менің  көмекшілерім. Солардан көмек сұрайық.

Аю: Сәлеметсіңдер ме балалар, бізге тиіннің туған күніне саңырауқұлақ жинап беруге көмектесесіңдер ме ?

Балалар: - Иә.

Тәрбиеші: - Әрине, көмектесеміз.

Қане, балалар « Кім жылдам» ойынын бәріміз бірге ойнайық.

Себетке саңырауқұлақты толтырып берейік.

Қоян: Рахмет, балалар! Мынау менің өзім жақсы көретін балым , сендерге бал сыйлайын.

Балалар: Рахмет.

Тәрбиеші: Балалар кеш болып қалыпты, балабақшамызға қайтайық.

Балалар тізбектей пойызбен, көңілді әуенмен қайта қайтады.

 

 

 

 

 

 

                       

 

 

Просмотров: 503


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст