Бөбек балабақшасы
ясли-сад "Бөбек"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ғажайып алтын күз»

06.02.2020

Ақмола облысы,

Аршалы ауданы

Жібек жолы ауылы

«Бобек» балабақшасы МКҚК

Тәрбиешісі: Байжанова Жадра Хамитовна

 

Тақырыбы:    «Ғажайып алтын күз»

Мақсаты: Балалардың күз туралы білімдерін кеңейту, еңбекті,    табиғат сұлулығын сүюге тәрбиелеу. Мерекелік көңіл күй сыйлау.

(Балалар музыкамен залға кіреді)

Жүргізуші:  

Құрметті ата аналар, ұстаздар, балалар!

Мінеки,өлкемізге алуан түсті жапырақтарымен , айналамызды сары алтынға бөлеп ,адам  баласына  молшылық,  береке алып жылдың  төрт мезгілінің бірі келіп жетті. Бұл жылдың қай мезгілі екенін білу үшін, балалар  мен сендерге жұмбақ жасырамын. Мұқият тыңдаңдар!

 Бұлттар төніп ,

 Жерге шөгіп,

 Дымқыл тұман басады.

 Шөп сарғайып,

  Өңі тайып,

 Дала сұры қашады.

 Бой жаза алмай,

 Ойнай алмай.

Денең мұздап тоңады

Айтыңдаршы, бөбектерім

Бұл қай кезде болады?

(Балалардың жауабы)

Ендеше барлықтарыңызды бүгінгі  Күз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Отбастарыңызға береке- бірлік, дастархандарыңызға молшылық тілейміз!

Мерекеміз қызықты болу үшін ортамызға Күз ханшайымын шақырып алайық

Балалар хормен:

Келші, келші Алтын Күз!

Келші ,келші Жарқын Күз!

(Музыкамен мерекелік көңіл күймен залға  жеміс толы себетімен Күз ханшайымы кіреді).

Күз ханшайымының сөзі.

Жүргізуші :         Өнер десе жайнаймыз

                               Сандуғаштай сайраймыз

                               Алтын күзге арнаған

                               Әнімізді шырқаймыз!

Ән «Күзгі вальс»

Күз ханшайымы:  Рахмет,  сендерге балалар! Орындарыңа жайғасып отыра  қойыңдар .

Жүргізуші : Күз ханшайымы  мына сыйды балаларға таратып берсек бола ма?

К. Х:     Жоқ ,бұл сыйды балалар  еңбек етіп, тер төгіп,  өнерлерін көрсетіп алу керек. Мен балаларға бір екі сұрақ қойғым келіп тұр. Сендер қаншалықты мен туралы біледі екенсіндер Дайынсыңдар ма?

Қане, балалар ,менің айларымды атап беріңдерші (Қыркүйек, қазан ,қараша)

Жарайсыңдар!

Күз мезгілі нешеге бөлінеді?( Ерте Күз Алтын Күз Қара Күз)

К. Х.:    Керемет, не деген ақылды балаларсыңдар! Ал сендер Күз туралы тақпақ білесіңдер ме?

Ия

(Балалар  орындарынан тұрып екі екіден тақпақтарын айтады)

Айзере :

 Күз келді алақай!

Алтын келді далаға

Дәні биік бидайды

Құйып жатыр қамбаға

Мадияр:

Қарашы күз келді, күз келді

Жапырақ жауыпты іздерді

Құс біткен керуен құрады

Қара бұлт қабағын түйеді

Фархад:

Жапырақ  ұшты

Суық та түсті

Сонда да бізге

Қызық көп күзде

Камилла:  

 Сарғайды тоғай

Сап- сары маңай

Соңғы әнін айтып,

Құс кетті қайтып

Айсұлтан:   

Алтын ,сары, қызыл, көк

Алуан -алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады атырап

Медина:

Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді

 

Қайсар:

Күзім, күзім, күзім

Пісті алма жүзім

Тұрғанда бәрін күз беріп

Кел алайық біз теріп

Аружан:

Мерейлі күз, мырза күз

Сыйлығыңа ризамыз

Аппақ арай таңымызда

Шомыламыз нұрға біз

Мұса:

Күз мезгілі қамбаға

Қауын қарбыз толады

Біздің ауыл жайлауда

Күздеуге кеп қонады

Сұлтан:

Алтын алтын сары алтын

Алтын күзде нұр жатыр

Ақ бидайды оратын

Алақай –ау,  күн жарқын

 

Асанәлі:

О ,алақай, тамаша

Шашу шашты жапырақ

Бақтың іші алаша

Алуан түрлі жапырақ

Олжас:

Күз келіпті дегенше

Жеміс пісті дегейсің

Бағымызда ендеше

Алма теру көбейсін

Раяна:

Көбейді құт береке

Астық толы қамбамыз

Құтты болсын мереке

Алтын күзде тойлаймыз

Әмір:

Күздің қазан айында

Алма алмұрт піседі

Жапырақтар сарғ айып

Сыбдыр сыбдыр етеді

Алдияр:

Келді міне күз

Айнала сары түс

Керемет тамаша

Қандай әсем күз

Аңсар:

Біреу астық түсіріп

Біреу бидай ұшырып

Жатқан мезгіл күз екен

Алдым соны түсініп

 

Бейбарыс:

Жемісін мол беретін

Күз дос екен бізбенен

Бәрін тауып беретін

Жомарт екен күз деген

Мақсат:

Қамба толы астыққа

Алғыс саған алтын күз

Бір уыс дән шаштықта

Қап қап қауын алдық біз

(Құстардың дыбыстары естіледі.музыка)

Жүргізуші:

Өнер десе өрілген

Биіктерден көрінген

Бишілерді шақырайық

«Құстар» биіменен

К. Х.:  Мен Күзбін ,өте еркемін ,сәл нәрсеге ренжіп ,бұртиып қабағымды түйе қаламын .Кейде болмашыға өкпелеп көз жасымды аямай төгіп- төгіп жіберемін 

Жүргізуші : Балалар күздің айтып жатқаны  не? (табиғат құбылысы)

Ия балалар, дұрыс айтасыңдар ,табиғатта әр түрлі құбылыстар болады, соның бірін мен сендерге жұмбақ  ретінде жасырайын жақсылап тыңдаңдар.

                          Күнді жабады

                          Жаңбыр болып жауады (Бұлт)

Дұрыс айтасыңдар, ендеше бұлттар биіне кезекті беріп,  күз мезгілінде болатын табиғат құбылысына байланысты шағын көрінісімізді тамашалайық

Би « Бұлттар»

Жүргізуші :

Міне, балалар, жаңбыр жауды

Бұлттар тарқады

Енді бізге жарқыраған күн керек.

 Ал ,балалар ,тұрмайық

Әндетейік, жырлайық

Шуағын шашсын күніміз

Ортамызға Күнді шақырайық!

Музыкамен  Күн кіреді . күнді бұлттар қоршап алады музыка ойнап тұрады.

Бұлттар:

Біз бұлттармыз бұлттармыз

Қолымыздан ұстаймыз

Көк аспанды торлаймыз

Күнді жасырып қоршаймыз

Жүргізуші :

Көрінші бізге қымбатты күнім

Қуантшы бізді нұр шашып бүгін.

Күн:

Қуантар ем бұлттар мени қоршап алды

Көк аспанды қара бұлттар торлап алды

Шуағымды шаша алмаймын  мен жерге

Желді шақырыңдаршы, көмектессін біздерге

 

Жүргізуші :

Күзгі жел, тез келші мұнда қалыспа

Бұлттарды ұшырып қушы алысқа

(музыкамен жел кіреді)

Жел:

Мен күзгі желмін өте жылдам желмін

Бұлттарды алысқа қуу үшін келдім

Бұлттар:

Біз бұлттармыз бұлттармыз

Ашуымызға тисеңдер

Жаңбыр болып жауамыз

Жүргізуші :

Сұрғылт бұлттар

Біз сендерден қорықпаймыз

Күнді сөндіре алмайсыңдар

Күштіміз мықтымыз деп

Мақтануды неге қоймайсыңдар!

Жел:

Бұлттар қанша мықты болса да

Олар желден қорқады, сондықтан маған көмек керек

Кәне бұлтты үрлейікші

Менің жалғыз шамам жетпейді (Бәрі үрлейді)

Бұлттар:

Ай ,ой, ай ,ой бізді қуып жатыр қашайық(жел бұлттарды қуып әкетеді күн ортада қалады)

Жүргізуші: Мінеки ,балалар,  күзгі жел бұлттарды қуып әкетті, ал шуақты күніміз ортамызда жарқырап тұр. Енді біздің мерекеміз одан сайын жандана түседі.

Жарқын Күн! Бізге шуағыңды шашып нұрыңды төкші.

Күн : Жарайды,  ендеше мен күллі әлемге шуағымды шашайын!

Жүргізуші :

Ал балалар тұрмайық

Әндетейік жырлайық

Күн шуағын шашқанда

Нұр төгілсін аспаннан

Би «Күн»

К. Х.:  Балалар, Күннің көзі баршамызға шуағын шашып, денемізді жылытып  көңіл күйімізді көтеріп тастады, олай болса мен сендермен бір ойын ойнағым келіп тұр.

Ойынның аты « Кедергілер» (музыка ойнап тұрады)

Ойынның шарты: Балалар топ топқа бөлінеді , шалшық судан өтіп жердегі жапырақтардан төртеуден жинай отырып, бір біріне  ойынды келесі бала жалғастырады  Қай команда жапырақтарды тез жинап бітіреді, сол команда жеңіске жетеді

К. Х.:  Не деген шапшаң балаларсыңдар. Керемет ойын болды.

Рахмет ,сендерге балалар! Орындарыңа жайгасып демалып алыңдар

К. Х.: Балалар, сендер қазақ тілін өте керемет меңгерген екенсіңдер, ал басқа тілде  білесіңдер ме?

 ИЯ

Жүргізуші:

Өнерлі біздің балалар

Тамсана бірге қараңдар

Өлеңдетіп ,мақалдатып үйренген

Үш тілді бірдей меңгерген

Ұйқасын тауып тіл үйрен

Балалар, мен сендерге қазақша, орысша, ағылшынша сөз айтамын ал сендер ұйқасын табыңдар!

Бала- мальчик                       Сладкий -тәтті           Град -бұршақ

Саусақ -пальчик                   Твердый -қатты          Кукла -қуыршақ

Красный - red                        Мальчик  -   boy

Плохой   -  bad                       Ойыншық  - toy

К. Х.:  Не деген өнерлі баласыңдар мен сендерге ризамын!

Жүргізуші : 

Уа, жігіттер, жігіттер

Бар өнерді салыңдар

Ортаға шық, би билеп

Қалыс қалып қоймаңдар

Би «Джентельмены»

(барлық балалар ортаға шығады орын орындарына)

Жүргізуші:

Күз арқылы білеміз

Жомарттықтың салтын біз

Біз өзіңді сүйеміз

Балалар хормен :  

Рахмет, саған, Алтын Күз!

Күз тойын осыменен тәмәмдаймыз

Тағы да алтын күзге ән арнаймыз

Ән «Күз»

 

К. Х.: Балалар ,маған деген сый -құрметтеріңе көп- көп Рахмет!

Мен де сендерге арнаған сыйлығымды таратайын.

Жүргізуші :

Берекелі бақ дәулет

Арта түссін тойланып

Сау болыңдар, қонақтар

Келгенше жыл айналып.

Просмотров: 660


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст