Тақырыбы : «Тәуелсіз елдің ұланымыз»
Мақсаты: Еліміздің тарихы туралы түсінік беру. Отанын сүюге тәрбиелеу. Тәуелсіздікке қалай қол жеткізгенімізді түсіндіру.
Шағын көрініс: «Тәуелсіздіктің ақ таңы»
Әжесі жүн түтіп отырады , немересі далада ойнап жүреді.
Әжесі: Еееееее, Тәуба бергеніңе шүкір.
Немересі: Әже ,Әжетай далада керемет болып жатыр, аспанға жарқылдаған салют атылып ,адамдардың бәрі қуанып жүр . Жүрші көрейік.
Әжесі: Еееее, жарығым, бұл қуаныш- тәуелсіздік мерекесіне арналған ғой, Жақсылығымыз ұзағынан болсын!
Немересі: Әже,Тәуелсіздік деген не?
Әжесі: Ееее, балам, Тәуелсіздік - ол сенің бостандығың , еркіндігің бақытың балам.
Біздің кезімізде еркіндік болған жоқ.
Немересі: Әже, сол кезді айтып берші .
Әжесі: Әй ,балам ай ,ол кезді еске алсам, құлағым шуылдап ,басым айналып кетеді.
Аздап тынығып, демалып алайық, кел жата гой.( Әжесімен немересі қисайып жатады)
Слайд.
Немересі: Көзін уқалап, ұйкыдан тұрады Әже, мен ұйықтап кетіппін, көп түс көрдім. Жап -жарық күн көрдім.
Әжесі: Ееее, балам, жақсы түс көрген екенсің. Ол сенің -жарқын болашағың . Тәуелсіздігіміздің мәңгі жарық күні.
Немересі: Әже,Әжетай, ендеше, мен ұстаздарымнан , жолдастарымнан с үйінші сұрайын.
Алақай , Сүйінші !!!!Тәуелсіздігіміздің ақ таңы атты!!!!
Әжесі: Мен шашуымды шашайын!
Музарттың « Қазақ елі» өлеңі ойналады.
Жүргізуші : Қазақстан Жоғарғы кеңесі 1991ж 16 -желтоқсан Қазақстанды Тәуелсіз мемлекет етіп жариялады.
Бұл күн Қазақстан тарихында Тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні болып алтын әріптермен жазылды.
Қуан, қазақ!
Күн туды қуанатын!
Қазақ елі азат,
Қазақ жері азат,
Қазақ ері азат,
Бұдан нұрлы шақ бар ма?
Бұдан асқан бақ бар ма?
Қуан ,қазақ!
Күн туды қуанатын!
(Музыкамен балалар залға кіреді. Флеш моб билейді)
Жүргізуші: Далада думан ,қалада думан, жыр бүгін
Ғасырлар бойы асыға күткен күн бүгін
Жасай бер,жаса, мәңгілік жаса
Тәуелсіз Қазақстаным менің!
Әнұран орындалады.
1-Жүргізуші: Армысыздар Отандастар!
2-Жүргізуші : Қайырлы күн! қымбатты қонақтар, ұстаздар, ата –аналар, балалар! « Гауһартас» ересек тобының дайындаған Тәуелсіздігіміздің 28 жылдығына арналған «Тәуелсіз елдің ұланымын» атты мерекелік іс шарасына хош келдіңіздер!
Әр адамда өз анасынан басқа да
Демеп жүрер арқада
Болу керек құдіретті -төрт ана
Туған жері- түп қазығы айбыны
Туған тілі -сарқылмайтын байлығы
Туған дәстүр -салт санасы тірегі
Қадамыңа шуақ шашар үнемі
Және туған тарихы.
Жүргізуші: Желтоқсанның ызғары қатты болды
Сол ызғарда қызыл қан көп төгілді
Тәуелсіз ел үшін алаңға шығып,
Жастарымыз өз өмірін құрбан қылды
Құрбандарым ,жазықсыз құрбандарым
Бет бағдарын бақиға бұрғандарым
Қаралы жылдардай боп қарауытып
Халқымның мәңгі есінде қалғандарым.
Аталарымыздың ,аға -апаларымыздың қайталанбас ерлігіне тағзым етіп, бас иіп, 1 м үнсіздік жариялаймыз.
Жүргізуші: Балалар, сендер бақыттысыңдар .Тәуелсіз елдің түлегісіңдер осындай ашық аспан астында бақытты өмір сүріп жатырсыңдар.
Болашағымыздың тірегі ,сенімі мына сендерсіңдер -Қазақстан ұландары!
Ән: «Тәуелсіз елім»
Қане, балалар ,ТҚР на өздеріңнің сүйіспеншіліктеріңді , махаббаттарыңды тақпақтарың арқылы жеткізіп көрейік.
Аңсар: Жарқырап нұрын төгіп көгінде күн
Жұлдызың жарқырайды бүгін сенің
Тәуелсіздік мерекең құтты болсын
Қазақстан Республикам менің!
Айшабибі : Өзіңдікі туың да
От пен ауа суың да
Жаса, Қазақстаным
Белді бекем буын да.
Бейбарыс: Егеменді ерікті ел екенбіз
Жылдан жылға дамыған берекеміз
Бостандықтың таңына 28 жыл толды
Халайық ,құтты болсын мерекеміз!
Сабина: Құт береке шаңырақ
Орын алған ол төрден
Қанатты қос арғымақ
Екі жақтан көмкерген
Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбат әдемі
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлем
Қайсар: Тәуелсіздік жолында
Талай талай тер тамған
Билігім өз қолымда
Еркіндігім елтаңбам
Әмір: Қуат алған өзіңнен
Туған елдің ұлымын
Бақытты етіп өсірген
Отанымның гүлімін
Жүргізуші : Қазақстан- қасиетті ұғым бұл
Ей ,келешек ,жан тәніңмен ұғын біл
11- Әріп не мағына береді ?
Ал ,толғайық жеткенінше қызыл тіл
Т-білдіреді теңдікті (Медина)
Ә-әдептілік әлдікті (Асанали)
У- уайымсыз уақытты(Айша)
Е-егемендік елдікті (Алдияр)
Л-ланкестікке жол берме (Амир)
С-сенімділік сабырлық (Айзере)
І-ілтипатпен ізетті (Мадияр)
З-зиялылық заңдылық (Муса)
Д-шақырады достыққа (Айсултан)
І-ізденіспен ізгілік (Фархад)
К-күнімізді көктегі (Султан)
Жүргізуші: Қазақстан ,туды алтын дәуірің
Алғандайсың жұлдыздардың жарығын
Ұзақ болсын гүлденген бұл ғұмырың
Тәуелсіздік құтты болсын айбыным.
Би: «Тәуелсіздік» (қыздар)
Жүргізуші: Қазақстан ұландары алға,
Биікке самға, ешқашан қалма
Кім жүйрік ойға?
Қане, тез ойла
« Ой қозғау» әдісі . Сұрақ- жауап
Жүргізуші:
Біздің Отанымыз қалай аталады?(Қазақстан)
Қазақстан қандай мемлекет? (Егеменді тәуелсіз)
Еліміздің тұңғыш президенті кім?(Назарбаев)
- Бүгін қандай мерекені тойлап жатырмыз?(тәуелсіздігіміздің 28 жылдығы)
- ҚР ның мемлекеттік тілі? Қазақ тілі
- ҚР ның рәміздерін ата Елтаңба Ту Әнұран
Мақал- мәтелді аяқта
Отан- отбасынан басталады
Отансыз адам -ормансыз бұлбұл
Тәуелсіз елдің ұлы -өжет
Қызы- қайратты
Халқы- қаһарман.
Балалар хормен Қазақстан- өзенім, көлім
Қазақстан- кең байтақ жерім
Қазақстан -еңселі елім
Қазақстан -Республикам менің!
Жүргізуші: Ал ,балалар. енді бойымызды жазып ойын ойнайық.
Біздің қазақтың өз салт- дәстүрі, әдеп- ғұрпы сонымен қатар, көптеген ұлттық ойындары бар.
Солардың бірі «Ақ сүйек «ойыны
Ойынның шарты.
Жүргізуші: Самға көкке қырандарым ,
Қазақстан ұландарым!
Үміт артқан болашағым
Сендерсіңдер, Тәуелсіз ел ұландары Би «Қазақстан ұландары»
Ән: «Тәуелсіз ел ұландары»
Ғасырларға жеткенбүгін жыр үні
Тәуелсіздік ұлылықтың ұлығы
Шаңырағы биік болып қазақтың
Қисаймасын берік болсын уығы!
Тәуелсіздігіміз мәңгі жасап көк байрағымыз аспанда асқақтай берсін!!!!!
Хош сау болыныздар! «Көк тудың желбірегені» әуенімен.